27.11.2026, 12:45
Оқылды: 2

«Uralsk green forum — 2026» іс-шарасы экологиядағы цифрлық бетбұрыстарға арналды

Орал қаласында БҚО әкімдігінің қолдауымен «КПО Б.В» компаниясы «Uralsk Green Forum — 2026» іс-шарасын ұйымдастырды. IX өңірлік экологиялық форум гибридті форматта өтіп, оған ҚР Экология және табиғи ресурстар, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Энергетика, Су ресурстары және ирригация министрліктері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері, мұнай-газ компаниялары мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың жетекшілері, гидрометеорологтар, IT-әзірлемелер саласындағы сарапшылар қатысты.

c1b0f673eba11b68b9c4f00699390d453aa2b839fb7d6e8719c92c37b690d41c_1280x720

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бүгінгі іс-шара осы міндеттерді орындауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір көрінісі, атап айтқанда экологиялық басқаруды цифрландыру саласында тәжірибе алмасу үшін сарапшыларды, мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылым және қоғам өкілдерін бір алаңға біріктіруді көздейді.

00c755e15b2d1fc8d459a373be705ea618544faeb6f59d4d49e147849c7a339d_1280x720

Форумда еліміздің, соның ішінде Батыс Қазақстан облысының тұрақты даму басымдықтарын ескере отырып, қоршаған ортаны мониторингтеу, экологиялық тәуекелдерді болжау және табиғи ресурстарды ұтымды басқару үшін жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді қолдануға баса назар аударылды.

e6bab5bfdc9edf6aecb82ca2a4295f4aa9e8b1e3e6944c42c3cb3c4d4aea9243_1280x720
Пленарлық отырыста Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының бас директоры Асхат Қожұмов «Мониторингтен алдын ала бақылауға дейін: экологиялық деректер шешім қабылдауға қалай көмектеседі?», ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі кеңестің мүшесі, «Green Academy» ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина «Орталық Азиядағы 6.8-бап бойынша алғашқы цифрлық платформа» тақырыбында баяндамалар жасады. БҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрғиса Қамашев облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қолдауымен өңірде Smart Ecology жобасы нәтижелі жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

a72e015d11eccf87b9d9b3f8d9b8fd9042a418e7df8a123afd8050d1cd0d6c38_1280x720
Диалог алаңына қатысушылар тұрақты даму жолындағы жасанды интеллект мүмкіндіктері және бизнес пен мемлекеттің экологиялық бастамаларды жүзеге асыру жолдарын жан-жақты талқылап, ынтымақтастық туралы меморандумдар алмасты.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале