«Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған чемпионатқа 50-ден астам оқушы қатысты.
Сайыс нәтижесінде 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында Дильназ Абдуллина және Амангелді Сағынғалиев III орынды олжаласа, II орынды Аяжан Магзумова еншіледі. Ал Әлия Төрегелдиева осы топтаүздік атанды.
Сондай-ақ 2006-2008 жылғы жасөспірімдер арасында III орынды Әсет Садық пен Аяулым Сапиева өзара бөліссе, II орынды Нұртілек Дүзімбай еншілеп, бұл топта Нұрберген Түсіпқали жеңімпаз атанды.
Келесі 2009-2010 жылғылар арасында Мадияр Жұмағали мен Аида Баймұхан III орынды, Нұрәлі Арматұлы II орынды, Айназ Сақтаған I орынды иеленді.
Жүлдегерлер және белсенді қатысқан спортшыларды «Жастар үні» бірлестігінің төрағасы Айдар Ержанұлы құттықтап, арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Ақсұңқар СӘДІР
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz