Қаратөбе ауданында дзюдо күресінен 2002-2004 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Батыс Қазақстан облысының чемпионатына Орал қаласынан және 11 ауданнан командалар қатысты.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қаратөбе ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен жалауын көтерген байрақты бәсеке үш күнге созылды.
Тартысқа толы өткен жарыста жаңақалалық жас дзюдошылар бақтарын сынап, жүлделі орындармен оралды. Атап айтсақ, қыздар арасында 48 келі салмақта белдескен Әсем Бисенғалиева, 40 келі салмақта Лунара Шәмшиева II орынды еншіледі. Ал Әмина Зиноллайева (63 келі) мен Гүлнәз Серікқалиева (63 келі) III орынға ие болды.
Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz