Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанынан ашылып отырған клубта арнайы мамандар мен психологтар жастарға кеңес береді. Мамандар тәрбиелік мәні бар әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, отбасы институтын нығайтуға атсалыспақ.
Айта кетейік, биылғы жылдың бірінші тоқсанында ауданда 27 жұп некеге тұрса, соның 6-уы ажырасу туралы өтініш берген.
Сондықтан аудандық АХАТ бөлімі жастардың некесін тіркеп қана қоймай, олардың болашағына да алаңдатушылық танытып, жас отбасыларға жаңадан құрылған клуб арқылы қолдау көрсетпек.
Н.ЕСЕТОВА
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz