Сәуірдің 25 күні сағат кешкі алты-жеті шамасында Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округі Үшана елді мекенінде қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметі
Аталған елді мекендегі жеке тұрғын үйдің моншасының су ағатын құдығынан 2013 және 2015 жылы туған бүлдіршіндердің мүрделері табылды. Тексеру барысында олардың ойнап жүріп абайсызда түсіп кетіп, шыға алмай, тұншығып көз жұмғандары анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
zhaikpress.kz