1.05.2017, 16:17
Оқылды: 47

Гроссмейстермен шаршы тақтадағы ойын

Screenshot_2017-05-01-16-33-26-1Облыс орталығындағы Оқушылар сарайында халықаралық дəрежедегі гроссмейстерлер Дəрмен Сəдуақасов пен Нұрлан Ибраев оралдық жас шахматшыларға шеберлік сағатын өткізді.


Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мектептен тыс жұмыс орталықтарының 40-қа жуық тəрбиеленушісі атақты шахматшылармен тақтада тартысты ойын өрнегін көрсетті. Мəні зор шараны өткізуге "Болашақ" ассоциациясы, Д.Сəдуақасов атындағы шахмат Академиясы жəне облыстық шахмат федерациясы мұрындық болды.

- Біз өңір басшысы А.Көлгіновтің арнайы шақыртуымен келдік. Бұндай сипаттағы турнирлер жылына бір рет ұйымдастырылады. Батыс жұртшылығы Ж.Саин, М.Қажығалиев, А.Өтеғалиев сияқты жас ойыншылармен мақтана алады. Олар - шахмат жұлдыздары, - деді Д.Сəдуақасов.

Шаршы тақтадағы ойын тартысты да қызықты өтті. 17 тақтада ойнаған гроссмейстер жас шахматшы Ерлан Нұхаевпен тең түсті.

Айта кетейік, Ерланның осы ойын түрінен екінші дәрежесі бар. Ол - көзі көрмейтін жас спортшылардың арасында Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Жеті жасынан шахматты серік еткен өреннен жаттықтырушылары зор үміт күтеді.

2 мамырда командалық турнир өтетінін естеріңізге саламыз.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале