3.05.2017, 17:26
Оқылды: 61

Елді қорғау – азаматқа міндет

????????????????????????????????????

    Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының және «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Қарулы күштеріне 25 жыл толуына орай «Әскер – ел қорғаны» атты шекара қызметкерлерімен кездесу өтті.


      Шарада сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова, қорғаныс істері бөлімінің басшысы М.Дәрменов, ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция инспекторы Т.Даулетияров әрбір ер азамат елін қорғауға міндетті екенін айтып өтіп, Отанға деген сүйіспеншілік әрқашан бірінші орында тұруы тиіс екендігін жеткізді. Жас ұрпақтың бойында адамгершілік, ерлік, батылдық сияқты қасиеттердің болуы қажет екендігін де тілге тиек етті.

    Сондай-ақ шарада оқушыларға шекара қызметкерлері өздерінің күнделікті қызмет барысында пайдаланатын қажетті құрылғыларымен  таныстырды.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

         zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале