Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов бірқатар құрылыс нысандарымен, шаруашылықтардың жұмысымен танысу мақсатында Теректі, Сырым аудандарына жұмыс сапарымен жолға шықты.
Өңір басшысы аудандарға сапарын Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылында ірге тасы қаланып жатқан Мәдениет үйінің құрылыс барысын көруден бастады.
Айта кетейік, бұл ауылда осы уақытқа дейін Мәдениет үйі болмаған. 300 орынға есептелген мәдениет
ошағының құрылысына облыстық бюджеттен 340 миллион теңге қаржы бөлінген. Ғимарат құрылысын Сергей Потиченко басшылық ететін "Альтаир" ЖШС жүргізуде. Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған құрылыстың аяқталу мерзімі келер жылдың ақпан айына жоспарланған.
Құрылыс нысанында болған облыс әкімі мердігер компания басшысына сапаға баса көңіл бөлуді және техника қауіпсіздігін қатаң қадағалауды тапсырды. Ал аудан әкімі Мұрат Мұқаевқа құрлыс аяқталған соң нысанның айналасын толықтай абаттандырып, жаяу жүргіншілер жолын төсеуді жүктеді.
Нұрбек Оразаев
zhaikpress.kz