17.05.2017, 16:58
Оқылды: 20

Жаңақалалық балықшы 50 келілік балық ұстады

Мәстексайлық Әлімбай Айғалиев кәсіби балықшы емес. Десе де, бар өмірі балығы тайдай тулаған Қараөзеннің жағасында өтіп жатқандықтан, оқта-текте жайынға қармақ лақтырмай жүрмейді. Бірде ірісі, бірде уағы, әйтеуір құр қол қайтқан күндері аз.


Биыл да өзен мұзы ерігенде ауыл тұсындағы өзенге жемін шаншып қармақ құрды. Күн әлі салқын, балық уылдырық шашуға ерте, аулауға тиым салынбаған кез. Олжалы болам деген дәмесі аз еді.

Ертесіне саумалап тартқан қармағы ауыр тартты. Іліккен кішілеу нәрсе емес. Қармақ бауы мықты еді. Біраз алысып, қармағын қапқан жайынды жағаға әупірім деп әрең шығарды. Олжа деп осыны айт! Дәу жайын, ұзындығы кісі бойы. Салмағы 50 келіден асыпты.

Сөйтіп жасы алпыстан асқан ауыл азаматы үлкен олжаға кенелсем деген бір мұратына жетті. Олжаны қызық көріп, тамашалаған ауылдастары да аз болған жоқ.

Өмірзақ АҚБАСОВ,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

                                                                     

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале