Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгіновтің Ақжайық ауданына жұмыс сапары басталды.
Өңір басшысы алдымен Орал – Атырау жолының оң жақ бетіндегі Алғабас ауылдық округіне қарасты Тоған елді мекенінде болып, ондағы газдандыру жұмысымен танысты.
Бұдан әрі Жайықтың сол жақ бетіндегі 4 ауылдық округте, сондай-ақ өзеннің оң жақ бетіндегі бірнеше ауылда болу көзделуде.
Ауылдарға ауыз су жеткізу, басқа да қам-қарекеттердің барысы байқасталып, талқыланатын болады. Облыс басшысы бірнеше шаруа қожалығына да ат басын тіреді.
«Жайық таңы» газеті
zhaikpress.kz