17 мамыр Самара-Шымкент тасжолында 1975 жылғы көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік ішінде болған жолдасы және 2016 жылғы сәби зардап шекті. Түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген сәби жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған оқиға ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қарастырылуда.
БҚО ІІД баспасөз қызметі