24.05.2017, 10:30
Оқылды: 29

Екпе алғаның – аурудың алдын алғаның

Sirim ekpe  Сырым ауданына М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің доценті, медицина ғылымдарының докторы  Гүлшат Құлниязова келіп, аудандық аурухана  қызметкерлерімен, Ж.Досмұхамедов  атындағы орта мектептің ұстаздарымен, ата-аналарымен кездесті.


  Гүлшат Матайқызы өз дәрісінде  иммунопрофилактиканың арнамалы және бейарнамалы болатынын, вакцина түрлері жайында айтып, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының аурушаңдыққа қатысты көрсеткіштерін қолданды.  ДДСҰ-ның  көрсеткіші бойынша, жұқпалы аурулардан 2,5 млн сәби қайтыс болыпты. «Егер олар алдын ала сол ауруларға қарсы егілген болса, ол сәбилер бүгінде тірі болар еді»,- дейді Г.Құлниязова. Сіреспемен ауырған балалардың 50 пайызы шетінеп кетеді. Күл, қызылша, ауруларының зияны мен залалы шаш-етектен. Біздің елімізде 27 жұқпалы ауруларға қарсы екпе жасалады. Олардың 11-ін міндетті түрде алу керек. Бала дүниеге келгеннен соң 24 сағат ішінде В гепатитына қарсы екпе жасалады. Одан кейін 1 тәуліктен кейін туберкулезға қарсы БЦЖ екпесі салынады.

  Екпенің маңызы жайында медицина қызметкерлерін, ұстаздар мен ата-аналарды мол мағлұматқа қанықтырған Гүлшат Құлниязова қойылған сауалдарға да жауап берді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале