5.06.2017, 15:30
Оқылды: 29

Жаңақалада 44 баланың ата-анасы екпеден бас тартқан

Жаңақалада екпенің адам өміріне маңызы мен екпеден бас тартқан ата-аналармен жұмыс жүргізу жөнінде кеңес өтті.


Аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Р.Ибрагимовтің айтуынша, соңғы уақытта жұртшылықтың вакциналаудан үзілді-кесілді бас тарту жағдайлары жиілеп кетті.

- Бірі «жұқпалы аурулардан сақтану үшін алдын ала жасалатын шараның денсаулыққа теріс ықпалы бар» десе, енді бірінің діни көзқарасы кедергі болып тұр. Бұл мемлекеттегі эпидемиологиялық ахуалға кері əсерін тигізуі мүмкін. Бүгінгі таңда ауданда 44 баланың ата-анасы екпеден бас тартқан. Екпеден бас тартып отырған ата-аналардың дені – жастар. Олардың үлкені 1983 жылғы болса, ең жасы 1996 жылғы туған ата-аналар. Бұл ата-аналармен екпенің маңыздылығы туралы түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді,-деді Р.Ибрагимов.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева екпеден бас тарту шараларын азайту мақсатында нақты тапсырмалар берді.

Н.Есетова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале