5.06.2017, 15:36
Оқылды: 44

Жазғы демалыс лагерьлері жұмысын бастады

 

Ақжайық ауданындағы «Атамекенде» кезең-кезеңімен 450 оқушы демалмақ. Аудан әкімі тынығушылар үшін жасалған жағдайды байқастап, ғимараттардың жай-күйімен танысты.


Алғашқы топтағы 50 бала үшін мұнда көптеген мәнді, тартымды шаралар жоспарланған. Табиғат аясына серуендеу, ару Астанамызда өткелі отырған ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі, «Туған жер» бағдарламасы бойынша дәрістер ұйымдастырылады.

Ал Шалқар көлі жағасындағы «Ақ шағала» лагері жылдағыдай кезең-кезеңмен 360 оқушыны қамтығалы отыр. Балалардың алғашқы легі де келді.        Айта кетейік, ауданда мектептер жанындағы лагерьлер де іске кірісті.

Рахмет ҚАЛИ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале