6.06.2017, 15:04
Оқылды: 26

Арманның арманы орындалды

Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылы Жуалыой елді мекенінің тұрғыны бала жастан мүмкіндігі шектеулі Арман Ержанұлына мүгедектер арбасы қажет еді. Бұл жөнінде тиісті мекемелерге өтініш те білдірген екен.

Жуырда бала тілегін орындалып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Арманға қажетті арбаны сыйлады.

Балаларына жасалған қамқорлыққа риза болған Арманның ата-анасы қайырымды жандар мен ұйымдастырушы мекеме қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді.

Надежда ЕСЕТОВА,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале