7.06.2017, 18:20
Оқылды: 19

Жаңақалада ажырасушылар саны некеге тұрушылардың 35 пайызын құрады

Ел ішінде шаңырақтың шайқалып, босағаның берік болмауы белең алып барады. Бұл үрдіс қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдарында көбеюі жұртшылықты алаңдатып отыр.

Жаңақала аудандық АХАЖ бөлімінің маманы Ақерке Сансызбайқызының мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 46 неке қиылып, оның 13-і неке бұзуға өтініш түскен. Бұл өткен жылғы есепті мерзімнің көрсеткішімен салыстырғанда көп. Ажырасушылар саны некеге тұрушылардың 35 пайызын құрайды екен. Яғни, әрбір төртінші неке бұзылып жатыр деген сөз.

Ал  2016 жылы бір жылда 154 жас бас қосса, 19 отбасының шаңырағы шайқалған.

Надежда ЕСЕТОВА,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале