12.06.2017, 15:01
Оқылды: 19

ҰБТ өткізуге сақадай сай

Жаңақала ауданында ҰБТ өткізу және ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

- Биыл ауданымызда 234 түлек бар. Олардың 61 пайызы, яғни 144 түлек  ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірді. Тестілеу Жаңақала орта мектебінің үшінші қабатындағы 4-аудиторияда өтеді. Онда тест тапсырушы түлектер үшін сағаттар, желдеткіштер, кондиционерлер және 12 бейнекамера орнатылды. Сонымен қоса ҰБТ өтетін мектеп ішіне ұялы байланыс сигналын тұншықтыратын 7 құрылғы, 1 рамалы металліздегіш орнатылатын болады,- деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Қадыров.

Келесі кезекте аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Ибрагимов ҰБТ кезінде оқушылардың қонатын және тамақтанатын  орындарының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы туралы баяндама жасаса, аудандық телекоммуникация торабының өкілі ҰБТ уақытында байланыстың үзіліссіз болуы қамтамасыз етілетінен және ол үшін кезекшілік ұйымдастырылатын айтты.

Ал ІІБ-нің бастығы Д.Ашабаев ҰБТ кезінде оқушы тасымалының қауіпсіздігі мен оқушылар жататын жатаханадағы тәртіпті қадағалау үшін полиция қызметкерлерінің кезекшілігі шығарылатынын баяндады.

Жиынды қорытындылаған мемлекеттік комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева биылғы өтетін ҰБТ кезінде оқушылардың қауіпсіздігі мен олардың тест тапсыру кезіндегі барлық жағдайларының жасалуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру керектігін айтып, тиісті адамдарға нақты тапсырмаларды жүктеді.

Н.ҒАББАС

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале