14.06.2017, 15:16
Оқылды: 60

Аудан әкімі озат түлектерді қабылдады

Бүгін Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков «Алтын белгі» иегерлерін қабылдады. Биыл Сырым ауданы бойынша биыл 16 түлек мектептердің қорытынды   аттестациясына сәйкес «Алтын белгі» білім сапасына лайықты болып танылып отыр. Ал «Үздік аттестатқа» ие болғандар саны – 10.

 Салтанатты қабылдауда аудан әкімі жас түлектерді орта мектепті сәтті аяқтауларымен құттықтап, болашақтарына игі жақсылықтар тіледі. Кейін жас түлектерге салтанатты түрде төсбелгілер тағылды. Оларға аудан әкімі Абат Шыныбеков арнайы алғыс хаты мен сыйлыққа sirim altinэлектронды планшет табыс етті.

Биыл  аудан бойынша 13 орта мектепті барлығы 189  оқушы аяқтады. Олардың 129 – ы маусым айының 20 күні аудан орталығында өтетін Ұлттық  бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдіріп отыр.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале