Батыс Қазақстан облысында «Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында 13-15 маусым аралығында жол ережесін бұзған 271 қоғамдық автокөлік жүргізушісі анықталды.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 18-і жылдамдығын шектен тыс арттырғаны үшін, 71-і бұрылу тәртібін бұзғаны үшін тоқтатылды. Сондай-ақ 36 жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тиісті құжатсыз тасымалдаса, 86-сы автокөлік айдап келе жатып, телефон немесе радиостанса құралын пайдаланған. 31-і техникалық байқаудан өтпеген көлікті айдаса, 14-і азаматтық-құқықтық сақтандыру полисінсіз жүрген. 10 жүргізуші ластайтын заттарды өндірістік нормативтен тыс тастайтын автокөлікті жүргізсе, үшеуі жаяу жүргіншіні өткізбеген. Автокөлікті заңсыз қайта жабдықтаған және жолаушы тізімі болмаған екі жүргізуші де назардан тыс қалмады.
Елжан Ералы
zhaikpress.kz