20.06.2017, 12:51
Оқылды: 23

Сауапты істен сырт қалмады

ramazanОрдалық жеке кәсіпкер Шынар Хайрошеваның қайырымды ісінен үлгі алуға болады.


Рамазан айында ол осымен төртінші рет жерлестеріне, яғни, аз қамтылған 70 отбасының әрқайсысына  25 келі ұн, 5 келі секер және 4 келі макарон өнімдерін үлестіріп отыр.

Сөйтіп, «Салтанат» дүкенінің қызметкерлері оның иесінің атынан көпшілікке азық-түлік таратты. Әрі бұл жолы Сайқын ауылымен қоса, осы округке қарасты Мәмбет, Жәрмеңке, Сейтәлі, Шоңай елді мекендеріндегі бірқатар жанұяларға да тиісінше жәрдем берілді.

Осынау қасиетті айда жасалып жатқан шынайы қамқорлық біраз жерлестеріміздің көңілін жадыратты.

Раушан АППАҚОВА

Бөкей Ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале