20.06.2017, 12:57
Оқылды: 21

Араққа салынғандарды мәжбүрлеп емдеу талқыланды

arak ordaБөкей Ордасы ауданында маскүнемдікке салынғандарды мәжбүрлеп емдеу мәселесін талқыға салған  жиын өтті.


Негізгі фактілерге жүгінсек, аудандық сотта ағымдағы жылдың өткен бес айында осы кеселдің  созылмалы түріне  шалдыққан төрт адамды еріксіз емдеу мекемесіне жолдау жөнінде төрт азаматтық іс қаралған. Әрі ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлімі негізінде алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде келген 17 адамға қатысты әкімшілік шара қолданылған. Былтыр күшіне енген 26 іс негізінде  бес адам диспансерлік есепке алынса, оның екеуі ішімдік ішуді азайтуы арқасында есептен шығарылған.

Нарколог Айгүл Наурызбаеваның айтуынша, маскүнемдерді мәжбүрлеп емдеуде кедергілер де бар көрінеді. Мәселен, араққа салынғандарды емдеу мекемесіне жіберу үшін  міндетті түрде отбасының арызы талап етілетін болса, оның орындалуы қиындық тудырады екен. Көпшілігі  бауыр, әке, ағаларының бұл дертке шалдыққанын біле тұра, оларды мәжбүрлеп емдету үшін  арыз жазуға құлықсыз.  Сондай-ақ аудандық аурухананың күндізгі ем алу бөлімінде араққа әуес өткен жылы 7, биыл 19 адам ем алған.

Жалпы, тентек судың тентіреген құлына айналғандармен күрес – ауданымыздағы өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан бұл бағыттағы іс-шаралар күн тәртібінен түспек емес.

Гүлнар ТАСБОЛАТҚЫЗЫ

Бөкей Ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале