22.06.2017, 11:55
Оқылды: 46

Лаңкестік топ мүшелеріне үкім шықты

 Sot igil   БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы қылмысқа барған сегіз адамға қатысты үкім шығарды.

         БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, басты сот талқысында анықталғанындай, «Тәкфір» уаһапшылдық ағымдағы радикалды дәстүрлі емес ислам дінін ұстанатын Жаңақала ауылының (Жаңақала ауданы) тұрғыны Ф.Ғабдешев 2016 жылдың шілдесінде осы ауылда тұратын А.Жантасов, Т.Қисметов, А.Қайырғалиев, М.Бижанов және Н.Арыстановтың басын қосып, лаңкестік топ құрған. Қазақстанда тыйым салынған халықаралық «ИГИЛ» лаңкестік ұйымының идеясын насихаттау мақсатында аталған топ мүшелері, сондай-ақ И.Әбекенов, М.Рахметуллин ұйымның жалауын дайындап, соның алдында суретке түскен. Сосын жалауды автокөлік салонының қақпағынан шығарып, отбасыларымен Жаңақала ауылынан 10 шақырым жердегі Соркөлдің жағасына барған. Сол жерде жалауды жерге қадап, сұқ саусақтарын көкке шошайтып, қарулы жиһадқа шақыратын  «ИГИЛ» идеясын жақтайтын ұрандарды айтып, айқайлай бастаған.


         Бұдан басқа, сол жылдың шілдесінде үйлеріне жиналған лаңкестік топ мүшелері тамыздың соңында немесе қыркүйектің басында Жаңақала аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында лаңкестік актісін жасауды жоспарлаған. Аталған топтың қатысушылары болмаса да, И.Әбекенов пен М.Рахметуллин лаңкестік актісінің дайындалып жатқанын біле тұра, оны құқық қорғау органдарына хабарламаған. Абырой болғанда, лаңкестік топтың қылмыстық ниеті ҰҚК қызметкерлерімен уақтылы әшкереленіп, аталған адамдар ұсталды.

    Сот Ф.Ғабдешевті ҚР ҚК 24-бабы 1-бөлігі-255-бабы 4-бөлігі (адамдарға, сондай-ақ ұйым ғимаратына шабуыл жасаумен ұштасқан лаңкестік актісін жасауға әзірлену), 256-бабы 2-бөлігі (бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы лаңкестікті насихаттау), 257-бабы 1-бөлігіне (лаңкестік ұйым құру, сондай-ақ оған басшылық жасау) сәйкес айыпты деп  тауып, ҚР ҚК 58-бабы 4-бөлігі негізінде жазаны ішінара қосу арқылы мүлкін тәркілеумен бірге 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

    А.Жантасов ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігі (діни араздықты туғызу), 24-бабы 1-бөлігі-255-бабы 4-бөлігі (адамдарға, сондай-ақ ұйым ғимаратына шабуыл жасаумен ұштасқан лаңкестік актісін жасауға әзірлену), 256-бабы 2-бөлігі (бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы лаңкестікті насихаттау), 257-бабы 2-бөлігіне (лаңкестік топ қызметіне немесе оның жасайтын лаңкестік актісіне қатысу) сәйкес айыпты деп танылып, ҚР ҚК 58-бабы 4-бөлігі негізінде мүлкін тәркілеумен бірге 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

     Т.Қисметов, А.Қайырғалиев, М.Бижанов және Н.Арыстанов ҚР ҚК 24-бабы 1-бөлігі-255-бабы 4-бөлігі (адамдарға, сондай-ақ ұйым ғимаратына шабуыл жасаумен ұштасқан лаңкестік актісін жасауға әзірлену), 256-бабы 2-бөлігі (бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы лаңкестікті насихаттау), 257-бабы 2-бөлігіне (лаңкестік топ қызметіне немесе оның жасайтын лаңкестік актісіне қатысу) сәйкес айыпты деп танылып, ҚР ҚК 58-бабы 4-бөлігі негізінде мүліктерін тәркілеумен бірге Т.Қисметов 12 жылға, қалған үшеуі 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

    И.Әбекенов пен М.Рахметуллин ҚР ҚК 256-бабы 2-бөлігі (бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы лаңкестікті насихаттау), 434-бабына (дайындалып жатқаны анық белгілі лаңкестік актісі туралы хабарламау) сәйкес айыпты деп танылып, мүліктерін тәркілеумен бірге И.Әбекенов 6 жыл 6 айға, М.Рахметуллин 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

         Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале