Бүгін кеште Қала күніне орай Орал қаласындағы Абай алаңында өтетін ретро-концертке қатысады деген қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы, халықтың сүйікті əншілері Қыдырəлі мен Қарақат келмейтін болды. Бұл туралы олар өздерінің инстаграммдағы парақшаларында хабарлады.
"Құрметті оралдықтар! Астана қаласының əуежайынан "Ассалаумағалейкүм"! Бүгін кешке біз сіздің қалаңызда болуымыз керек еді. Белгілі себептермен жете алмай тұрмыз. Қандай себептер екенін ертең кеште өз аузымыздан еститін боласыздар. Яғни, бүгінгі шара ертеңге ауыстырылды. Ертең, 10 қыркүйекте кешкі сағат 20.00-де амандықпен қауышайық! Жексенбінің жайлы кешінде жүздесуге жазсын! Туған күндеріңіз құтты болсын!- дейді өнерлі жұп бейнехабарламада.
Белгілі болғандай, Қыдырəлі мен Қарақат ертең кешкі 20.00-де Абай алаңында өтетін мерекелік кеште өнер көрсететін болады.
zhaikpress.kz