Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауы жəне БҚО мәдениет, архивтер, құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 22 қыркүйегі күні сағат 10.00 - де облыстық қазақ драма театрында қолбасшы батыр, би, шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференцияда Қазақстандағы XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістердің тарихы, деректері және Сырым Датұлының тарихи тұлға ретінде зерттелу мәселелері талқыланады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
Сырым Датұлы- XVIIIғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі;
Қазақстан ғасырлар тоғысында: тәуелсіздік пен бостандық жолындағы күрес (XVIII-XIX ғ.ғ.);
Сырым Датұлының қазіргі заман тарихында тарихи тұлға ретінде зерттелуі; Конференцияға белгілі ғалымдар, оқытушы-профессорлар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері қатысады.