11.10.2017, 11:57
Оқылды: 42

БҚО-да тәртіп сақшысы 3 жылға сотталды

policia№2 Орал қалалық сотында қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі болған, полиция аға лейтенаты Саламат Ахметкалиевке үкім шықты. 

С.Ахметкалиевтің ісі Орал қаласының С.есімді тұрғынының арызы негізінде қаралды. Саламат Ахметкалиев ұрлыққа қатысты қозғалған қылмыстық іске ат-үсті қарап, жалған құжаттар дайындаған.

Сот ҚР ҚК 49-бабының 1-бөліміне сай полиция аға лейтенанты арнайы шенінен айырылатынын ескертті. Сонымен қатар бұрынғы полиция қызметкері 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылып, жеке мүліктері тәркіленді.

Гүламан Исмагулова,

Орал қ.ІІБ баспасөз қызметкері

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале