Оралда ауыр атлетикадан 2001 жылғы жəне одан кіші жастағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында БҚО-ның ашық чемпионаты өтуде. Оған Татарстан Республикасының, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының, сонымен қатар Қазталов, Сырым аудандары мен Орал қаласының командалары, барлығы 50-ден астам спортшы қатысуда, деп хабарлайды БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
- Ауыр атлетика əлемдік спортта жоғары рейтингті иеленіп жүрген, жастар тарапынан үлкен сұраныс тауып отырған басымды олимпиадалық спорт түрі екені белгілі. Бүгінгі жарыста барша командаларға жеңіс тілеймін, - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асия Аманбаева чемпионаттың ашылу салтанатында.
zhaikpress.kz