24.10.2017, 17:45
Оқылды: 39

Жетпіс бір мыңға жуық оралдық жер телімі кезегінде тұр

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы кезекті брифингте Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев айтты.

Шаһар басшысының айтуынша, азаматтарға тұрғын үй салу үшін жер телімін беру мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Кезек бойынша тегін жер телімін беру 2012 жылы тоқтатылды. Ал кезекте тұрған оралдықтардың саны бүгінде жетпіс бір мыңға жуықтады.

-Заңға сәйкес жер телімдері барлық инженерлік желілердің құрылысы толық аяқталған соң ғана берілуі тиіс. Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Круглоозерное ауылдық округі аумағында инженерлік желілердің (газ, электр жарығы, су, жол) және әлеуметтік нысандардың (мектеп, балабақша, емхана, спорттық кешен) құрылысына қатысты жобалық құжаттар дайындалуда. Яғни, барлық инфрақұрылымның құрылысы аяқталғаннан кейін мыңға жуық жер телімі кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік бойынша Гагарин көшесі 1 үйдің орнына 126 пәтерлік тұрғын үй тұрғызылады, қазір «Караванный путь» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Оған қоса Құрманғазы көшесі 198 үйдің орнына 64 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын «ҚазХол» ЖШС қолға алды. Ғұмар Қараш көшесі 33/1 және Құрманғалиев көшесі №3 үйлердің тұрғындарымен келіссөздер жүргізілуде,- дейді қала әкімі.

Ағымдағы жылы он екі мыңнан астам адамның ипортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін жиырма көпфункционалды спорт және балалар ойын алаңдары салынса,  келер жылы олардың қатары тағы жиырма екі алаңмен толықпақ.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале