Бұл жайлы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның БҚО филиалы хабарлады.
Бүгін, 9 қараша күні сағат 11-де жер қазу кезінде ауыр техника Сырым ауданының Қосарал, Шағырлыой, Қособа және 1 Май ауылдарына газ тарататын құбырға зақым келген. Соның салдарынан 377 жеке сектор абоненті мен әлеуметтік-мәдени нысандар көгілдір отынсыз қалды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның БҚО филиалы жөндеу жұмыстарын жүгізіп, жоғары қысымды құбырды қалпына келтірген.
zhaikpress.kz
Фото архивтен