15.12.2017, 12:13
Оқылды: 22

Астанада өткен патриоттар форумына БҚО делегациясы қатысты

Кеше еліміздің бас ордасы Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында республикалық «Туған тіл! Туған жер! Туған ел!» атты Қазақстан патриоттар форумы өтті.

Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Ержан Уәлиев кеш шымылдығын ашып, форум қонақтарын тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Халық қаһарманы, «Fokker -100» әуе кемесінің командирі Дмитрий Родин, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагері, Ауған соғысы ардагерлер қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Бақытбек Смағұл, олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, белгілі журналист Қанат Әуесбай, Италия мемлекетінің Милан қаласындағы Букони университетінің лекторы, қазақ, орыс, неміс, итальян, чех, ағылшын, француз, монғол тілдерінде еркін сөйлейтін полиглот қандасымыз Әйгерім Болатқызы сөз сөйледі.

БҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Серік Мәметанов облыстан 12 делегация мүшесін бастап барған болатын. Батысқазақстандық әскери қызметкер Қуаныш Сайлауовқа «Туған жерім – ғұмырым» аталымы бойынша марапатты Халық қаһарманы, генерал-майор Бақытжан Ертаев табыстады.

Форум елімізге танымал өнер жұлдыздарының концертіне ұласты.

Ахмедияр БАТЫРХАНОВ

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале