Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні сағат шамамен 07:30 Подстепное-Елек тас жолында «Лада Гранта» және «Газель» көліктері соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада Гранта» автокөлігінің жүргізушісі және жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған көліктін үш жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеуді БҚО ІІД Бөрлі ішкі істер аудандық полиция басқармасы жүргізуде.
БҚО ІІД баспасөз қызметі