25.12.2017, 18:20
Оқылды: 61

Оралда 2018 жылы 2542 бейнебақылау камерасы орнатылады

Орал қаласының əкімдігі жəне «Қазақтелеком» АҚ «Бұлтты бейнебақылау» жобасын жүзеге асыруда.

Жоба 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша, Орал қаласының көп пәтерлі тұрғын үйлерінің 10 подъездінде 20 бейнебақылау камерасы орнатылды. Екінші кезең бойынша,1266 бейнебақылау камерасын 633 көп пәтерлі тұрғын үйдің кіреберістеріне орнату жоспарлануда.

Қазіргі таңда аталған 633 үйге 300  камераны орнату бойынша жұмыстар аяқталып, іске қосу шаралары күтілуде. Бүгінгі таңда 6 мекен жайда жалпы саны 12 камера іске қосылып, тесттік режимде жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ үшінші кезең бойынша, 2018 жылы 2542 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда.

Бұл бастама қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жəне «Смарт сити - ақылды қала» бағдарламасы аясында жасалып отыр. Аталған қызмет үшін 350 теңге абоненттік төлем қарастырылған.

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале