9.01.2018, 13:11
Оқылды: 52

Депутаттар Бөрліде болды

Парламент сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданы активімен кездесті.

Басқосуда елдегі экономикалық, саяси өзгерістер мен рухани сананы түбегейлі өзгерткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы айтылды. Одан өзге депутаттар мемлкекеттік бағдарламалардың орындалуын, ел игілігі үшін жасалған мардымды істерді саралады.

Моноқаладағы өткен жылы атқарылған жарқын істерге оң бағаларын берді. Айталық, ауданда өткен жылы 38 шақырым жол қалпына келтірілді. Құрылысқа қаржы облыстық, аудандық бюджеттермен қатар жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын есебінен де бөлінді. Бөрлі ауданына қарасты Александров пен Бөрлі ауылдарына  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында су құбырын іске қосты. Өңірде екі балабақша пайдалануға берілсе, биыл тағы да екі балабақша бой көтермек.

 Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале