17.01.2018, 10:45
Оқылды: 53

БҚО-да 186 мемқызметкердің аккаунтынан Әдеп кодексіне қайшы фотосуреттер анықталған

Бұл жайлы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов айтты.

- Өткен жылы біз 4867 мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік желілердегі аккаунтарына мониторинг жүргізіп, соның 186-сынан Әдеп кодексі талаптарына қайшы келетін фотосуреттерді анықтадық. Біздің ұсынбаларымыздың нәтижесінде 48 мемлекеттік қызметкер жазаға тартылып, әдепке қайшы фотосуреттер жойылды. Сыйлықтарға қатысты айтар болсам,  2016 жылы арнайы қорға 68 700 теңгенің сыйлықтары, ал 2017 жылы жалпы құны 228 мың теңгенің сыйлықтары тапсырылды, - деп атап өтті Болат Исақов. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болып табылатын 192 фактор анықталған. Сонымен қатар, облысымызда өткен жылы мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға арналған 270 ішкі талдау жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша 59 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған.

Спикер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале