17.01.2018, 15:13
Оқылды: 80

БҚО-да «Қамқорлық» акциясы өтуде

10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында дәстүрлі «Қамқорлық» акциясы өтуде. Акцияны ұйымдастырушы облыстық білім басқармасы барлық азаматтарды, ірі өндірістік компаниялар мен ұйымдарды қиын жағдайға душар болған балаларға көмек қолын созып, аталған шараға бір кісідей ат салысуға шақырады.

Акцияның мақсаты күнкөрісі төмен, көп балалы отбасылардың және жетім балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету.

«Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына оқу құралдарын, киім-кешек алып беруге және оқу жылы барысында ыстық тамақпен қамтуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Алайда бұл көп балалы және аз қамтылған отбасының қажеттілігін толықтыра алмайды. Сіз де балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында оларға киім, аяқ киім, спорт киімдерін, оқу құралдарын алып беруге көмектесе аласыз. Акцияға өз үлесіңізді қосып, бүлдіршіндердің жүзіне күлкі сыйлаңыз» дейді акцияны ұйымдастырушылар. 8(7112)242623 телефоны арқылы ұйымдастырушыларға хабарласуға болады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале