24.01.2018, 16:05
Оқылды: 20

Жаңақалада салынған жолдардың сапасы сын көтермейді

 

Жаңақала ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Қоғамдық кеңес отырысына аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Ербол Салықов, қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме, бөлім басшылары, тағы басқалары қатысты.

Отырыста аудан әкімі Н.Қарағойшин аудандық қоғамдық кеңестің алдында жыл ішінде атқарған жұмыстарынан есеп берді.

Жиында сөз алған аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Қ.Сәрсеков аудан орталығындағы жаңадан салынған жолдардың сапасы сын көтермейтіндігін мәлімдеп, сол үшін аудан әкімдігі тарапынан қандай шара алынғанын сұрады. Сонымен қатар ол аудан басшысына жыл ішіндегі қылмыстық оқиғаларды  жіктеп көрсетуін, ауданда қылмыстың қай түрі артып отырғанын анықтау керектігін айтты.

Ал аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Шаһидолла Әбуғали «Орал-Жаңақала күре жолының бойындағы қос кесененің құжаты бар ма, болса кімнің меншігінде?» деген сауалын жолдады. Бұдан соң қоғамдық кеңес мүшесі А.Декартұлы ауданда жалдамалы жұмысшылардың құқығы сақталмайтынын баяндап, олардың кәсіподағын құру керектігін жеткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Шапихов құмды өңірлердегі бос жатқан даланы игеру жөнінде, «Еңбек ардагері» медалін беру жолдары туралы нақты мәлімет сұрады.

Басқосуда ауданымызда өзекті мәселеге айналған малшы мен механизаторлардың не үшін жетіспейтіндігі сөз болды. Бұл мәселені толық зерттеп, себебін анықтау керектігі айтылды.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале