30.01.2018, 17:30
Оқылды: 26

Былтыр БҚО-да білім саласына 57,7 млрд. теңге бөлінген

Бұл туралы қоғамдық кеңес мүшелеріне берген есебінде БҚО әкімі Алтай  Көлгінов айтты.

- Өткен жылы біз білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласының 46 нысанын күрделі жөндеуден өткіздік. Қаланың іргесіндегі ірі елді мекеннің бірі Подстепное тұрғындарының көп жылдар бойы күткен мәдениет үйі салынды. Сонымен қатар Ақсай қаласы мен Переметное ауылында 2 спорт кешені бой көтерді. Барлығы 4 спорт кешені өткен жылы пайдалануға берілді. Сонымен қатар аудандар мен Орал қаласында 30-дан астам спорт алаңдары салынды. Жылдар бойы ескі ғимаратты жалға алып келген дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының Деркөлде құрылысы басталғанынан хабардарсыздар.

2017 жылы білім саласына бөлінетін қаражат 5,5%-ке өсті. (57,7 млрд. теңге немесе 31% жалпы шығандардың үлесі). 14 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның 8-і мектеп, 3-і балабақша, 1 интернат, 1 спорт лагері және 1 спортзал, - деді Алтай Көлгінов.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале