30.01.2018, 17:46
Оқылды: 51

Оралда тағы бір көпір жөндеуге жабылады

Бұл туралы облыс әкімінің қоғамдық кеңес мүшелеріне есеп беру баяндамасында айтылды.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес  «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша облыс экономикасын қолдауға 28 млрд. теңге бөлінді. Аталған екі бағдарлама бойынша 2 215 жұмыс орны ашылып, жергілікті кәсіпорындар толық күшімен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Нақты нәтижесі ретінде соңғы 2 жылда 3 мың отбасының баспаналы болуын айтуға болады,-деді облыс әкімі.

- «Нұрлы жол» бағдарламасының нәтижесінде біз былтыр 500 шақырым жолды жөндеуді бастаған болатынбыз. Оның бүгінде 33 млрд теңгеге 420 шақырымы аяқталды. Орал-Саратов тас жолының жөндеу жұмыстарын биыл толықтай аяқтаймыз. Ал облыстық маңызы бар жолдардың 128,5 шақырымы жөнделді. Орал қаласында жұмысы басталған 67 көшенің 61-і аяқталды. Қалған көшелерді жөндеу жұмыстары биыл одан әрі жалғасады. Депо көпірі жаңадан қайта салынып жатқанын білесіздер. Екі жылға жоспарланған құрылысты ерте аяқтап, Омега көпірін қайта салу жұмыстарын бастайтын боламыз-деді Алтай Көлгінов.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале