1.02.2018, 12:24
Оқылды: 58

Бөкей ордасында 11 елді мекенге газ тартуға қаржы қаралды

Бұл жайлы Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжановтың аудан тұрғындары алдында есеп беру баяндамасында айтты. Есептік жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Аудандағы 22 ауылдың 9-ы газдандырылған (Сайқын, Мәмбет, Жарменке, Мұратсай, Әжен, Хан Орда, Қарасу, Үштерек, Бисен). Тұрғындардың газбен қамтылу деңгейі 61 пайыз.

- 11 елді мекенді газдандыру үшін (Саралжын, Бөрлі, Ұялы, Кеңой, Жиекқұм, Көктерек, Жамбыл, Шоңай, Сейтқали, Мәмбет, Қарасу) 1 млрд 750 млн. теңге қаржы қаралған. Есепті мерзімде бөлінген 876 млн. 255 мың теңге толықтай игеріліп, жұмыстар жүргізілуде.   Сонымен қатар, 11 елді мекенге ауылішілік газ құбырын тарту үшін жобалық сметалық құжаттар жасақталып, сараптамадан өткізілуде. Қарасу, Әжен, Жәрмеңке ауылдық клубтарын газдандыру үшін құжаттары дайындалуда,-дейді аудан әкімі Н.Рахымжанов.

zhaikpress.kz

Суретті түсірген Айбатыр Нұраш

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале