5.02.2018, 14:56
Оқылды: 35

Жаңақалалық палуандар жеңіс тұғырынан көрінді

Орал қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ  күресінен 2003-2004 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Жарысқа 12 аудан және қала мектептерінен 350-ден астам палуан қатысып, бақ сынады. Тартысты өткен турнир екі күнге созылды.

Бұл жарыста жаңақалалық Замир Батыров пен Айбек Ишанов жаттықтыратын балғын палуандар жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтар болсақ, ұлдар арасында 38 келі салмақта Жалғас Тілекқабылов, 73 келіде Серікболсын Қуанышов алтын алқаға ие болды. Ал қыздар арасында 48 келі салмақта Аяулым Өтегенова, +63 келіде Әмина Зиноллайева, 52 келіде Ақбота Нәсіпқалиевалар жарыстың жеңімпазы атанды. Сондай-ақ 63 келіде Гүлнәз Серікқалиева II орынды, 58 келіде Айзада Ақылбекқызы II орынды, 52 келіде Ақжүніс Хайдарова III орынды, 44 келіде Гүлнәр Шәмшиева III орынды, 44 келіде Жанаргүл Қажығалиева II орынды еншіледі.

Сонымен қатар, ұлдар арасында Заманбек Саматов ( 38 келі) пен Азамат Бейбітов (50 келі) жүлделі III орынды иеленді.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале