Аманбай Нажмиддинов аудандық №13 өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқарады екен.
16 желтоқсан күні Аманбай кешкі сағат 9-да үйден шығып, Тасқала ауданының шетінде тұратын туысқандарына бармақшы болады. Барар жол Сапаров көшесімен өтеді, бұл жерде аудандық мешіт орналасқан. Дәл осы мешіттің қасынан Аманбай әмиян тауып алады.
- Қасынан өте бергенімде, әмиян жатқанын байқап қалдым. Жерден көтеріп, иесінің байланыс мәліметтерін іздей бастадым. Байқағанымдай онда ірі көлемде ақша, жеке куәлік, шет елдік паспорт пен басқа заттар бар. Содан соң қалтама салдым да, туыстарыма жол тарттым, онда болған жайтты айтып, иесін танитын-танымайтындарын сұрадым. Кейін әмияннан иесінің телефон нөмірін тауып алдым. Келесі күні әмиянын алып, маған алғысын білдіріп кетті, - дейді А.Нажмиддинов.
Кейін анықталғандай, әмиян иегері Ильяс Сариев болып шықты. Ол Таскала ауданының тумасы екен. Ресей Федерациясының Тобольск қаласында қызметте. Аманбайдың сөзінше, әмиянда тек Ильястың ақшасы емес, өз отбасынан жырақта жүріп, напақасын тауып жүрген бірнеше адамның жалақысы да болған екен.
БҚО ТЖД басшылығымен Аманбай Нажмиддиновты марапаттау жөнінде шешім қабылданды.
БҚО ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы