1.03.2018, 16:59
Оқылды: 102

Алғыс айту күні облыс аудандарында аталып өтті

 

Елімізде көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні деп жарияланған болатын. Айтулы мейрам облыс аудандарында да аталып өтті. Бұл туралы бізге аудандық газеттердегі тілшілеріміз хабарлады.

Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен қоғамдық ұйым өкілдерін бір үстел басына жинап, құрмет көрсетті.Басқосуда сөз алған өзге де еңбек ардагерлері жастарды берекелі тірліктің жемісін бірге теріп, елдің жарқын болашағы жолынта табысты еңбектенуге шақырды.

Бұл күні Қаратөбеде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мәдениет үйінің кіші техникалық қызметкерлері құрметтелді. «Қоғамдық өмірде техникалық қызметкерлердің еңбектері еленбей қалып жататыны анық. Күн-түн демей еңбектеніп, тапсырылған міндеттерді мінсіз атқарып келесіздер. Сіздерге ризашылығымыз шексіз, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Эльдар Амантаев.

Бөрлі ауданындағы мерекелік шарада аудан әкімі Алдияр Халеловтің алғыс хатына өңір дамуына демеушілік танытып жүрген жеке кәсіпкерлер Айбек Омаров, Кайрат Капашев, Қасым Канафин, Татьяна Ищенко, Нұрсұлтан Дарханов, Виталий Ан, Абай Баймухановтар ие болды.

IMG_6608Қазталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, арнайы ас берілді. Орталықта 43 адам мемлекет қамқорлығына алынып, күтілуде. Оларға 66 қызметкер арнаулы әлеуметтік кызметтердің стандарттары бойынша қызмет көрсетуде. Дастархан басында сөз алған қонақтар осындай әсерлі шараны ұйымдастырған орталықтың басшысына және ұжымға алғыстарын білдіріп, қызмет алушыларға зор денсаулық тіледі.

Сонымен қатар ауданда бір топ басшы Ұлы Отан соғысының ардагері, Жұмат Сәрсембиевтің үйіне барып, Алғыс айту күнімен құттықтады. От пен оқтың ортасынан аман шыққан Жұмат Сәрсембиев өзіне жүктелген жауынгерлік тапсырманы ойдағыдай орындағаны үшін ІІІ-дәрежелі «Даңқ орденімен марапатталған. Ол соғыстан кейінгі жылдары ауылдың, ауданның экономикасына өзіндік үлес қосқан жаннның бірі.

Ал Ақжайық ауданының Мерген ауылында тұратын І топ мүгедегі, бұрынғы кеңшардың автокөлік жүргізушісі Махамбет Дәулетқалиев көктемнің беташары – Алғыс айту күні зор қуанышқа кенелді. Оған жеке кәсіпкер Дидар Әсетов жаңа мүгедек арбасын сыйлады.

saz mektebЖәнібек аудандық ардагерлер үйінде Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынның беташарында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев сөз сөйлеп, көпшілікті Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Ал аудандық саз мектебі ұжымы мекеме ғимараты көршілес орналасқан Жәнібек ауылдық округі әкімдігі мен аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газеті ұжымын аталмыш мерекемен құттықтап келді. Екі мекеме ұжымына ізгі тілектерін жаудырған олар Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін күмбірлетіп орындап берді. Сондай-ақ қазақтың танымал әндерінің мәтіні жазылған қағаздарды жиналған қауымға таратты.

Ал Сырым ауданының орталығы Жымпитыда «Ризамыз бүгінге!» атты мерекелік шара өтті. Шараның салтанатты ашылуында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев сөз сөйледі. Айта кетейік, қазіргі уақытта Сырым ауданында 274 өзге ұлт өкілі тұрады. Олар Алғыс айту күнін науқандық шара деп емес, бірлік пен ынтымақтың мерекесі деп біледі.

IMG_4106Сонымен қатар бір топ басшы аудан орталығында тұратын қарттардың шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Олардың қатарында Валитовтер, Ақмамбетовтер әулеті бар.

Алғыс айту күні Жаңақала колледжінің 55 жылдық мерейтойына арналған «Білім көшінде – 55 жыл» атты салтанатты жиын өтті. Кешке аудан әкімі Н.Қарағойшин, БҚО білім басқармасының бірінші орынбасары Н.Сабиров, мекеме басшылары мен ардагер ұстаздар, колледж тәлімгерлері мен студенттер қатынасты. Кеш қорытындысында Жаңақала колледжінің директоры Серік Жүсіпбекұлы ардагерлер мен ұстаздар қауымына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

 

zhaikpress.kz

IMG_0004 28423026_2014248932127034_1554393433483951399_o IMG_3970 IMG_4032

IMG_4070 20180228_115910

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале