2.03.2018, 17:18
Оқылды: 58

«Латын әліпбиі – қоғамның жаңғыруы» облыстық семинары өтті

Қазталов ауданы орталығында «Латын әліпбиі – қоғамның жаңғыруы» атты облыстық семинар өтті.

 Семинар жұмысына аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бекжанов төрағалық етіп, Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ филология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Нұргүл Дүйсенғалиева қатысты.

Семинарда сөз алған Айгүл Мыңбаева:

- Бүгінде латын жазуына көшудің бірнеше себептері бар. Біздің елімізде нақты міндеттер айқындалып та қойды. Атап айтқанда, латын графикасына көшудің түпкі мақсаты – ұлттық әрі түркілік бірегейлікті қалыптастыру, қазақ тілін әлемдік ақпарат кеңістігіне енгізу әрі мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту. Аталған айқын мақсаттарды ақпарат құралдары арқылы түсіндіру керек,- деген пікірін білдірді.

«Жаңа әліпбиімен – жаңа өмірге қадам» атты баяндама оқыған магистр Нұргүл Дүйсенғалиева латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы айта келіп, латын әліпбиіне көшудің өзі заманның талабы екенін жеткізді.

Сондай-ақ семинарға қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев латын әліпбиінің маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салса, Алма Оразбаева атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Аягөз Нұғманова баяндама жасады.

Семинарда қойылған сұрақтарға түсініктер беріліп, айтылған ұсыныстар жазылып алынды.

Қорыта келе ауданымызда өткен семинар қатысушыларға латын әліпбиіне көшу мәселесі туралы толық түсінік берді деп ойлаймыз.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале