14.03.2018, 13:35
Оқылды: 48

Оралда Көрісу мерекесі өтті

 

29003819_10211254209163436_542032262_nОрал қаласында көрісу салтына байланысты шаралар Абай алаңындағы шағын қойылымнан басталды. Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері ұлттық киім киіп, қазақтың кәрі-жасы аралас қуана қауышатын дәстүрін бейнеледі, көрермендерге ақтан дәм татқызып, бауырсақ таратты. Қойылымда ақсақал бата беріп, баршасына жақсылық тіледі.


 

 

28907162_10211254208883429_1125478474_nАқжайық жастары атынан студенттер флеш-моб ұйымдастырды. Одан кейін Островский атындағы драма театрдың алдында «Бір жасыңмен!» атты атты театрландырылған концерт басталды.

– Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жазылғанындай, біз ата-баба дәстүрін жылдан-жылға жаңғыртуға баса мән берудеміз. Соның бірі – бүгін өтіп жатқан шуақты да жарқын көрісу мейрамы. Көктем лебі сезілетін күн. Ғасырлар бойы бабалар бұлжытпай ұстаған дәстүр. Көрісу – жаңа жылдағы жаңғыру мерекесі. Кішілер үлкендерге сәлем беріп, ағайын, дос-жаран өкпе-ренішін кешіріп, ізгі тілектерін жаудырып, бір-бірімен қуана 29019818_10211254209883454_1377818875_nқауышады. Бұл дәстүр Батыс өңірінде ғана емес, өрісі кеңейіп, еліміздің түкпір-түкпірінде аталуда. Көрісу бүгінде жалпыұлттық мерекеге айналды. Оны тойлауда ұлт-ұлыстар арасында шекара жоқ, – деді Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев.

Сахнада қазақтың ән-күйлері төгіліп, ұлттық салт-дәстүрден көріністер қойылды.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Фото: Айбатыр Нұраш

28906616_10211254209643448_474016106_n 28833292_10211254208363416_410891170_n 28833103_10211254209123435_368236515_n 28832944_10211254208603422_397110494_n 29019992_10211254209283439_553737432_n 28907679_10211254209763451_544553950_n 29019333_10211254209723450_604015375_n28907489_10211254209843453_1838589451_n

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале