14.03.2018, 16:28
Оқылды: 63

«Жайықтың жасөспірімдері. Жалын. Жаңғыру» қалалық форумы өтті

1Бүгін Орал қаласындағы А.Островский атындағы орыс драма театрында «Жайықтың жасөспірімдері. Жалын. Жаңғыру» тақырыбындағы білім беру ұйымдары басшыларының ІҮ қалалық форум өтті.

Бұл шараға облыстық білім беру басқармасының, Орал қалалық әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-тардың, қала мектептерінің, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері, ардагер-мұғалімдер, қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар комитеттерінің мүшелері қатысты.

Форумның тақырыбы «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен үндес, сондықтан залдағыларға «еркін микрофон» ұсынылып, сөйлеушілердің дені жас ұрпақты патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу, адам тәрбиесіндегі туған жердің  рөлі, ата-анаға, үлкендерге деген құрмет мәселелері төңірегіндегі өз ой-пікірлерімен, нақты істерімен бөлісті.

3-Бұрынғы форумдарда басқарушылық, менеджмент, стратегиялық жоспарлау мәселелері қаралатын. Педагогикалық ұжымдардың білім-тәрбие үрдісіндегі көрсеткіштері, оның қызмет барысындағы туындайтын түйткілді мәселелерді ортаға салатынбыз. Ал биылғы форумның жөні бөлек.  Бұл басқосудағы мақсат - жасөспірімдердің тәрбиесіне назар аударту. Соның ішінде рухани, адамгершілік  тәрбие беру мәселелері өзекті. Білім жүйесінің бүгіні мен ертеңін ата-аналармен, қоғам болып, тығыз қатынаста отырып пікір алмасамыз, - деді Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова. Басқосуда Жансұлу Меңешқызы «Рухани жаңғыру: білім беру саласының бүгіні мен ертеңі» тақырыбында әңгімеледі. «Педагогтар оқушыларға деген қарым-қатынастарын өзгертуі керек. Бүгінде әлем жаңаруда, өзгеруде. Сондықтан бүгінгі мұғалім тек білім беруші ғана емес, ол баланың досы болуы тиіс. Мұғалім ұл-қызбен достаса отырып, олардың ішкі әлеміндегі өзгерістерді, толқыныстарды сезінуі керек. Қазір әр отбасыда түрлі түйткілдер бар. Өмірде көріп жүргеніміздей, жасөспірімдер қиын жағдайларда өздерімен өздері оңаша қалады, оларға үлкендердің назары, «айналайыны» жетпей жатады. Міне, біз осы бағытта жұмыстанбақпыз», - деді ол.

6Ж.Төремұратованың айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыста білім саласында түрлі бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Мысалға, оқушыларға өңіріміздегі қасиетті және тарихи орындарға экскурсия ұйымдастыру, сонымен қатар туған жерді танып білу мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізу. Балаларды өңірдегі және қаладағы табысты адамдармен, ел дамуы жолында  еңбек еткен тұлғалармен таныстыру шаралары жүргізіледі.

Форумда қаладағы №25 «Снежинка» бөбекжайының тәрбиешісі Лилия Пермитина «Рухани бөбекжайдан бастау алады», №28 мектеп лицейінің директоры Вадим Болдырев «Реализация программы «Рухани жаңғыру» в школе», БҚО «Батыс қамқор» қоғамдық бірлестігінің президенті Әділет Берікқалиев «Жастардың рухани жаңғырудағы рөлі» туралы кеңінен әңгімеледі. №44 мектеп-гимназиясының оқушысы Эльдар Харесов, қалалық көшбасшылар мектебінің мүшелері Ғаділ Амандық, Лаура Кенжеғұлова, Данил Пастуховтар ел болашағының білімді ұрпақтың қолында екенін жеткізді.

Шара барысында мектептен тыс жұмыс орталығының жас өнерпаздарының орындауындағы әсем әндер мен билері жиналғандардың көңілінен шықты.

Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ,

«Орал өңірі»

Фото: Айбатыр Нұраш

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале