«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған уақыт ішінде кәсіпкерлердің жалпы құны 99,1 млрд. теңге құрайтын 831 жобасы мемлекеттік қолдауға ие болған. Кәсіпкерлердің жалпы құны 2,7 млрд. теңге болатын 57 жобасы жетіспей тұрған инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Ол өз кезегінде 28,2 мың жұмыс орнын сақтауға және жаңадан 5 мыңнан аса жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.
-Соңғы 2 жылда ауыл кәсіпкерлерінің бағдарламаға қызығушылығы артқаны байқалуда. Ауылдық жерлерден барлығы 36 млрд. теңге құрайтын 328 жоба мақұлданды, оның ішінде 2017 жылы – 7,4 млрд. теңгенің 81 жобасы бар (мақұлданған жобалар санының 44%). Тағы бір айтқым келгені, 2016 жылы Бағдарлама қатысушылары өздеріне берілген субсидияның 1 теңгесінен 6 теңге салық төлеген болса, 2017 жылы ол көрсеткіш 3,6 теңге болды, - деп атап өтті облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы А.Жалмағамбетов.
2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында биылғы жылға 300,3 млн. теңге бөлу жоспарлануда. Несиелер екінші деңгейлі банктерден 6 пайызбен беріледі. 2017 жылдың қорытындысында жалпы құны 315,5 млн. теңге құрайтын 29 шағын несиелер берілді (олардың ішінде жалпы құны 233,5 млн. теңге болатын 21-і старт-ап жобалар). Ағымдағы жылы сомасы 213,3 млн. теңге құрайтын 14 несие берілді.
zhaikpress.kz