Бұл жайлы Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақов облыстағы көктемгі далалық жұмыстарға дайындық барысына арналған брифингте айтты.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 513,5 мың гектарға жоспарланған. Жоспарға сәйкес барлық дәнді дақылдардың алқабы 259,0 мың гектар құрайды. Көктемгі егістік жұмыстарына 630 шаруашылық қатысады деген жоспар бар. Облыста дәнді дақылдар егумен 460, картоп өсірумен 105, майлы дәнді дақылдар егумен 64 және бау-бақша өнімдерін өсірумен 67 шаруашылық айналысады. Биыл 71,0 мың гектар жерге күздік дақылдар егілген.
Егістік жұмыстарын сәуірдің үшінші онкүндігіне бастау жоспарланып отыр.
Ясипа РАБАЕВА,
zhaikpress.kz