18.04.2018, 16:22
Оқылды: 46

Жаңақалалық палуандар Оралда жеңіске жетті

Орал қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ күресінен 2001-2008 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыстық чемпионат өтті.

Бұл жарысқа 10 команда сапында, 400-ге тарта палуан қатысты. Солардың да арасында жаңақалалық палуандар да бақ сынады. Олар жай ғана қатысып қайтқан жоқ, жеңіс тұғырынан көрініп, қанжығалары майланды.

Атап айтсақ, қыздар арасында 48 келі салмақта Айдана Ғайнуллина, 52 келі салмақта Ақбота Нәсіпқалиева, 57 келі салмақта Ақжүніс Хайдарова алтыннан алқа тағынды. Сондай-ақ,  63 келі салмақта Гүлнәз Серікқалиева II орынды, +63 келі салмақта Әмина Зиноллайева III орынды еншіледі. Ал ұлдар арасында 57 келі салмақта Бейбарыс Жұмағалиев, 73 келі салмақта Рамазан Сүндетов қола жүлдеге ие болса, 81 келі салмақта Санжар Ғинаятов облыстық жарыстың жеңімпазы атанды.

Иә, бұл жерлес палуандарымыздың жеңісі – ауданның мерейі. Ендеше, жалындап тұрған жас палуандарға байрақты бәсекелерде биік шыңдарды бағындырып,  спорттың саңлағы болыңыздар демекпіз.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИ,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале