Оралда аударыспақ, қазақ күресі, асық ату және жамбы ату ойындарынан сайыс өтеді. «Ұлттық қазына» атауымен ұйымдастырылатын көпшілік шараға 14-29 жас аралығындағы кез келген жас қатыса алады.
Бұл күні қамшы өруден шеберлік сабағы өтеді. Сонымен қатар атпен серуендеу тегін ұйымдастырылады.
Шара 29 сәуір сағ 10:00де ұлттық спорт түрлері бойынша балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде болады. (Орал қ. Асан ауылы, Рабочая көш, 1а.)
Айта кетейік, мазмұнды шараны облыс жастары ұйымдастыруда.
zhaikpress.kz