27-29 сəуір күндері Орал қаласында Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына, сонымен бірге ҚР мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың 6 түрінен облыстық спартакиадасының I кезеңі өтті.
Жарыс қорытындысында шахматтан ІІІ орынға Зеленов ауданы əкімдігі, ІІ орынға Теректі ауданы əкімдігі, І орынға БҚО əкімдігі ие болды.
Тоғызқұмалақтан ІІІ орынға Зеленов ауданы əкімдігі, ІІ орынға Бөрлі ауданы əкімдігі, І орынға БҚО əкімдігінің командасы ие болған.
Үстел теннисінен ІІІ жүлделі орынға Орал қаласы əкімдігі, ІІ орынға БҚО мемлекеттік кірістер департаменті, І орынға Жəнібек ауданы əкімдігі ие болған.
Жүзуден ІІІ жүлделі орынға Орал қаласы əкімдігі, ІІ орынға Зеленов ауданы əкімдігі, І орынға БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің командасы ие болды.
Жеңіл атлетикадан ІІІ орынға Казталов ауданы əкімдігі, ІІ орынға Ақжайық ауданы əкімдігі, І орынға Тасқала ауданы əкімдігі ие болды.
Баскетболдан, əйелдер арасында ІІІ жүлделі орын Тасқала ауданы əкімдігі, ІІ орын Зеленов ауданы əкімдігі, І орын Сырым ауданы əкімдігі ие болды.
Баскетболдан, ерлер арасында ІІІ жүлделі орын Жаңақала ауданы əкімдігі, ІІ орын БҚО əкімдігі,
І орын Орал қаласы əкімдігі ие болды.
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері жəне қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кəсіподағы спартакиада жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттады.
zhaikpress.kz