11.05.2018, 17:19
Оқылды: 327

«Қоғамдық қадағалау картасы» деген не?

 

cbbc40e1-cb9f-47a4-a0b2-c829103443a2Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қоғам болып күресудің маңызы жоғары. Осы жайында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысында айтылды. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің өкілдері, БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің төрағалары мен этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты.

– Былтыр аталған департаментпен бірге Ассамблея өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында бірқатар іс-шараны бірге атқардық. Іс-шаралар жоспары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыстық Ассамблеяның жастар қанаты қоғамдық орындар мен мекемелерде жемқорлыққа қарсы үгіт материалдарын таратты. Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қала тұрғындары арасында «Жемқорлық деген не?», «Мүлдем төзбеушілік» тақырыбында сауалнамалар ұйымдастырды.  Бұл бағытта іс-шаралар биыл да жалғасын табады, – деді облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов.

75b40672-7b63-4ab5-85b9-8ca6bed24e7dШарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Хайруллин ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жай-жапсарын түсіндірді. Оның айтуынша, ҚР «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 23-бабында жұртшылықтың қоғамның қатерлі дертімен күресуге атсалыса алатыны көрсетілген. Биыл жаңадан қолға алынған «Қоғамдық қадағалау картасы» жобасы бойынша әлеуметтік желілер арқылы кез келген тұрғын немес үкіметтік емес ұйымдар өкілі сыбайлас жемқорлық көрінісі жайында хабарлай алады.  Сонымен қатар «QAMQOR» мобилді қосымшасы арқылы жеке куәлігіндегі ЖСН-ді енгізе отырып, шағым түсіруге мүмкіндік жасалған.

0fa8883a-d1ef-4e93-9d33-3e556e771193Сондай-ақ колл-орталық нөміріне және  облыс орталығындағы немесе арнайы мобилді топ жетекшілеріне хабарласуға болады.

– Биылғы І тоқсанда «Болашаққа парасыз. Бірге!» жобасы бойынша жемқорлыққа қарсы мобильді топтар облыс бойынша 71 кездесу ұйымдастырды. Айта кетейін, республика бойынша teleqram желісі арқылы «ЮрСоветник» бот жүйесі автоматты түрде құқықтық кеңес береді. Соның көмегіне жүгіне аласыздар, – деген Біржан Хайруллин мемлекеттік қызметкерлер жұмыс кезінде өздеріне тапсырылған сыйлықтарды мемлекеттік қорға тапсыруы тиіс екенін айтты. Былтыр біздің облыстан қорға тапсырылған сыйлықтардың құны 227 мың теңгені құрады.

Шарада сыбайлас жемқорлық деректерімен қолға түскен мемлекеттік қызметкер жайында шағын фильм көрсетілді. Дөңгелек үстелде Ассамблея мүшелері де өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале